Банк ашуға рұқсат беру қағидалары мен оған рұқсат беруден бас тарту негіздерін, Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің жүзеге асыратын өзге де операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мына: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банк ашуға рұқсат беру қағидалары мен оған рұқсат беруден бас тарту негіздері; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің жүзеге асыратын өзге де операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|