Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 227 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 373 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабы 3-тармағына және 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуы үшін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы парағының нысаны. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіее мемлекеттік тіркеуге жолдасын; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде осы бірлескен бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|