|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 68-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 12, 61, 63-құжаттар; № 14, 68, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат): 2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: «3-2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы Кодекстің 39-2-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сатып алынған активтерді сатуынан түсетін түсімдерден;»; 1-тармақтың бесінші - оныншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мұнай секторы ұйымдарына: 1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар; 2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар; 3) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы жатады. Келесі қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті орган бірлесе отырып, ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына қарай бекітеді.». 2. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-ІІ, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат): 1) мазмұнында: 168-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «168-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі»; мынадай мазмұндағы 416-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «416-1-бап. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізілген кедендік тексерудің жарамсыздығы»; 55-тараудың және 505, 512, 519 және 526-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: 2-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді «55-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі»; «505-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі»; «512-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі»; «519-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі»; «526-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі»; 2-тармақтың 1) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 571-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «571-бап. Камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастар жөніндегі өтпелі ережелер»; 2) 2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін осы Кодекстің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 2-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне байланысты кедендік құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі.»; 4) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын: «20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауарларды сыныптауды жүзеге асыру;»; 5) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын: «14-1) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін осы Кодекстің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу;»; 6) 45-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Электрондық құжат түрінде берілген тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке осы тармақтың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мәліметтер мен ақпаратты растайтын құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері қоса беріледі.»; 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 7) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім кеден органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. Бұл ретте бұрын дәл сол бір марканы, модельді, артикул мен модификацияны қамтитын нақ сол бір атауы (коммерциялық атау, фирмалық атау (тауар белгісі) бар тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылданған тауарлар бойынша тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім кеден органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.»; 8) 49-бапта: 1-тармақтағы «жазбаша өтініші негізінде» деген сөздер «электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініші негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы қағаз жеткізгіште берілген өтінішке - қағаз жеткізгіштегі құжаттар, ал электрондық құжат түрінде берілгеніне мынадай құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері:»; 6-тармақтың екінші бөлігі «хабардар етілген» деген сөздерден кейін «не электрондық нысанда хабардар етілген» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 50-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «отыз» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын; 10) 51-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «жазбаша түрде» деген сөздерден кейін «не электрондық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 54-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «жазбаша өтініштерінде» деген сөздер «берілген құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 89-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы «қолданылған, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.» деген сөздер «қолданылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабына және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабына сәйкес қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.»; 13) 92-баптың 6-тармағының сегізінші бөлігіндегі «1 және 3-тармақтарында» деген сөздер «1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 96-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын; 15) 101-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Кеден органы кепіл ресімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартын тіркейді.»; 16) 106-баптың 6-тармағының бірінші абзацындағы «органы:» деген сөз «органы есептеген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, оның ішінде кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар сомасының ұлғайтылуын немесе азайтылуын қамтитын сомасы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есепке жазылған сомасы болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 1), 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын; 17) 107-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде: 1) тармақшадағы «әділет органына», «бес» деген сөздер тиісінше «тіркеуші органға», «үш» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «әділет органдарын» деген сөздер «тіркеуші органды» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 110-баптың 5-тармағындағы «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 19) 111-баптың 2-тармағындағы «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 20) 112-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 21) 115-баптың үшінші бөлігіндегі «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 22) 117-баптың 2-тармағында: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу туралы хабарлама төлеушіге:»; 2-тармақтың 22) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 2) тармақша алып тасталсын; 4) тармақшадағы «және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қараудың қорытындылары туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін, бірақ он бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге» деген сөздер «шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын; 23) 125-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда: 1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек, өсімпұлдар, пайыздар өтелмеген жағдайда - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде; 2) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда - осы Кодекстің 417-бабының 3-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде; 3) осы Кодекстің 420-бабының 3-тармағында көзделген, тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруден бас тарту жағдайларынан басқа, осы Кодекстің 420-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруінен негізсіз бас тартылған жағдайда - лауазымды адамдардың кіруінен бас тарту туралы хаттама жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде; 4) төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауына байланысты, пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген: бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны, тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және (немесе) кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаны қайтарған жағдайда - қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығару арқылы жүргізіледі.»; 2-тармақтың бірінші абзацындағы «Банктік шоттар» деген сөздер «Төлеушінің банктік шоттары» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, төлеушінің барлық шығыс операцияларына, ал осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың көрсетілген сомалары шегінде қолданылады.»; 24) 147-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Осы бапта көзделген тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін уәкілетті орган белгілейді.»; 25) 150-баптың 3-тармағында: екінші бөлікте: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) егер кеден органы лауазымды адамының тауардың кедендік құнын қате айқындау және (немесе) растау фактісі анықталған болса, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап және (немесе) шешім қайта қаралған және (немесе) осы Кодекстің 410-бабының 10 және 19-тармақтарына сәйкес бұрын расталған тауардың кедендік құны қайта қаралған;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) көрсетілген хабарламалармен келіскен жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламада, тексеру нәтижелері туралы хабарламада немесе кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламада көзделген мерзімдерде бұзушылықтарды өз бетінше жойған;»; 7) тармақшадағы «төлеген жағдайларда тартылмайды.» деген сөздер «төлеген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) электрондық нысанда кедендік декларациялау жөніндегі ақпараттық жүйенің жұмысында уәкілетті орган растаған, электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен орындалмауына алып келген қателер туындаған кезде тартылмайды. Бұл ретте уәкілетті органның қателердің туындау фактісін растау мерзімі декларант электрондық нысанда кедендік декларациялау жөніндегі ақпараттық жүйенің жұмысында қателердің туындағаны туралы өтініш жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері кеден өкіліне және уәкілетті экономикалық операторға қолданылады.»; 26) 154-баптың 5-тармағында: бірінші абзац «өзге де тұлғалар» деген сөздерден кейін «теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кедендік операциялар тауарлар келетін жерде кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органымен келісілген теміржол станциясы жұмысының технологиялық процесінде белгіленген уақыт ішінде жасалады.»; 27) 166-бапта: 2-тармақтағы «Үй-жайларды немесе ашық алаңдарды өз», «уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша» деген сөздер тиісінше «Өз», «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.»; «7. Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.»; 28) 168-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «168-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде: осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген; кеден органы осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтата тұру туралы хабардар етеді.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай: осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау; осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді. Заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өз тауарларын сақтау қоймасы иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.»; 4-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қараған кезде заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.»; 29) 169-бапта: 1-тармақтың 6) тармақшасы «иесінің» деген сөзден кейін «кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген» деген сөздермен толықтырылсын; 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде: осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген; кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады. Өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді. 3. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде, оларда сақталатын тауарлар осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей уақытша сақтау қоймасына орналастырылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға тиіс. 4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |