|
|
|
Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы (2018.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - пилоттық органдар) тізбесі бойынша пилоттық органдар үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізіледі; 2) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесіне негізделеді; 3) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу лауазымдық айлықақылар схемасы, сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу, үстемеақылар, өтемақылар, бонустар негізінде жүргізіледі; 4) қызмет бабында пайдалану үшін; 5) пилоттық органдардың қызметтегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерлері төмендеген жағдайда олардың 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша лауазымдық айлықақыларының нақты мөлшерлері сақталады деп белгіленсін. 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу; 2) қызмет бабында пайдалану үшін; Бонустарды төлеу бөлігі 2019 ж. 30 маусымға дейін қолданылады 3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |