Осы редакция 2018 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 305 бұйрығына 2-қосымша
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 250 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 маусымда № 11400 болып тіркелеген) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) қызмет берушіге жүгінген кезде - бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк немесе қағаз тасығышта берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 2) портал арқылы жүгінген кезде - бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк немесе «жеке кабинетте» - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанда берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі нысаны осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|