«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 586 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1170 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 123 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1170 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет қызметкерлері) өкілдік керек-жарағының заттарын, сондай-ақ республикалық бюджеттен дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының заттары құнының өтемақысын төлеу шарттарын айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|