|
Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы (2025.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025.25.08. № 53 Қаулысын қараңыз (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.27.08. № 74 Қаулысымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.25.08. № 53 Қаулысымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|