«Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12633 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысаны осы бұйрыққа косымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|