Қазақстан Республикасы Президентінің (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттарына тексеру комиссиялары мен олардың аппараттарын тарату ұсынылсын. 2. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдері: 1) мәслихаттардың таратылатын тексеру комиссияларының штат санын ескере отырып, осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді - тексеру комиссияларын құруды жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қамтамасыз етсін; 2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттарымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 3. Мыналар: 1) құрылатын тексеру комиссияларының негізгі міндеті жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру; 2) барлық деңгейдегі мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмыс жоспарына бақылау объектілерін енгізуге ұсыныстар енгізу құқығы; 3) құрылатын тексеру комиссиялары жыл сайын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мәслихаттарына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп ұсынады; 4) құрылатын тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелерін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындауды және босатуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін біліктілік талаптарын ескере отырып, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттары жүзеге асырады; 5) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құрылатын тексеру комиссияларының қызметін үйлестіреді (әдіснама, біліктілігін арттыру, қайта даярлау) деп белгіленсін. 4. Қоса беріліп отырған облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|