Осы редакция 2018 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына 3-қосымша
Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары
1. Осы мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттарындағы білім беру қызметінің Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттарындағы білім беру қызметінің қағидаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қағидасы және нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Мемлекеттік Реестрі тізіліміне 8621 нөмерімен тіркелген «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының Үлгілік Қағидалар қызметі түрлерін бекіту туралы» (бұдан әрі - үлгілік қағидалар қызметі) 2013 жылғы № 289 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен сәйкес жүзеге асырады. 2. Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп - интернаттары (бұдан әрі - Мектеп - интернаттар) дарынды балалардың мәдениет және өнер іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған, элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|