|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
1-бап. 2014 жылғы 5 шелдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-баптың 1) және 2) тармақшалары 2024 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді 1) 211-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы: «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын; «нормативтік» деген сөздің алдынан «бірлескен» деген сөзбен толықтырылсын; 2) 213-баптың он екінші бөлігінің бірінші абзацында: «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздер «сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «нормативтік құқықтық актісінде айқындалған, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін» деген сөздер «бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 22-тараудың тақырыбындағы «органикалық өнім өндіру,» деген сөздер алып тасталсын; 4) 408-1-бап алып тасталсын; 5) 729-баптың бірінші бөлігіндегі «408-1,» деген цифрлар алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 10 маусым № 91-VIII ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |