2021 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы (2021.18.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 108 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Павлодар облысы әкімдігінің 2021.18.11. № 303/8 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері; 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін. 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсiн. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысы әкімдігінің 2021.18.11. № 303/8 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84/3 қаулысына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|