«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2024.16.07. берілген өзгерістермен)
1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын; 3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты орналастырып тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және айдың 5-і күнінен кештірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 61-ө өкімімен бекітілген
Қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|