«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 386-НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы Ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін. 2. Күштері жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 101 бұйрығы; 2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 138 бұйрығы. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|