|
Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы (2019.07.02. берілген өзгерістермен)
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (З. Худайбергенова): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 119 бұйрығымен бекітілген
Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптар
1. Осы пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 17-бабының 2-тармағына және Дүниежүзілік пошта одағының (бұдан әрі - ДПО) актілеріне сәйкес әзірленді және пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|