Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 35 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8484 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымдағы № 146 (28085) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 2) «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 06-7/106 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8679 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|