Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті одан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені қараңыз 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындары осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар). 5. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|