Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Цифрлық дамыту, инновациялар мен қорғаныс аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|