ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № ҚР ДСМ-8 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген
«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) ағымдағы дезинфекция - науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық нысан үшін белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция; 2) гнус - ашық табиғатта және елді мекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің - масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірқатар түрлері; 3) далалық дезинсекция - адамдар болатын жерлерге қорғаныш аймақтарын құру және қансорғыш жәндіктер мен кенелердің санын азайту мақсатында елді мекен шегінде оларды жою; 4) далалық дератизация - адамдар үшін қауіпті аурулар эпизоотиясын болдырмау және кеміргіштердің санын азайту мақсатында оларды жою; 5) дезинфекция - инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені; 6) дезинфекциялық жабдық - дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуге арналған аппараттар мен қондырғылар; 7) дезинфекциялық құралдар (бұдан әрі - дезқұралдар) - дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер; 8) дезинсекция - жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою бойынша іс-шаралар кешені; 9) дератизация - кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|