«Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 1 нысанды есепті, «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты прокурорлық қадағалау тексерулері мен актілерін есепке алу карточкасы» № 1 электрондық ақпараттық есепке алу құжатын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Прокурорлық есептілік нысандарын есепке алу мәселелерін және автоматтандыруды жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрыққа қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес, «Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 1 нысанды есеп; 2) осы бұйрыққа қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес, «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты прокурорлық қадағалау тексерулері мен актілерін есепке алу карточкасы» № 1 нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаты; 3) осы бұйрыққа қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес, Электрондық ақпараттық есепке алу құжатын толтыру және «Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 1 нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулық. 2. «Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 1 нысанды есепті, «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты прокурорлық қадағалау тексерулері мен актілерін есепке алу карточкасы» № 1 электрондық ақпараттық есепке алу құжатын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығы күшін жойды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|