«Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 107 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 189 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2686 тіркелген, 2015 жылдың 9 шілдесінде «Ақ Жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді; 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 31 наурыздағы № 112 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 107 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|