ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы (2021.03.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 17 сәуір
№ 26
Президентінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 26 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығында («Юридическая газета» газетінде 2000 жылғы 26 сәуірде № 18 жарияланған): 1-тармақтың 3) тармақшасында «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|