|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 740-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатына;»; 2) 741-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатына;». 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «14-бап. Уәкілетті органның құзыреті»; 1-тармақ мынадай мазмұндағы 12-3), 15-2), 15-3) және 15-4) тармақшалармен толықтырылсын: «12-3) мемлекеттік жер кадастрын және жерге мониторинг жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»; «15-2) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап арыз дайындау және беру; 15-3) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою; 15-4) егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру;»; 4-тармақ алып тасталсын. 3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне: 1) 12-баптың 11) және 18) тармақшалары алып тасталсын; 2) 13-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Уәкілетті органның құзыреті»; 1-тармақта: 1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастырады және іске асырады;»; мынадай мазмұндағы 4-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын: «4-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»; «5-1) тексерулер арқылы мыналарға: орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйіне; мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына; ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына; ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының туындауының, таралуының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына, оларды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуі мен қырылуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне; кеспеағаш аймағының бөлінуіне; мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірі мен босату және ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінің сақталуына; мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомник шаруашылығының жүргізілуіне; орман қоры жерлерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердің қорғалуына; құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндіру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»; 2 және 3-тармақтар алып тасталсын. 4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне: 1) 36-баптың 11) және 21) тармақшалары алып тасталсын; 2) 37-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары су объектілерін кешенді пайдалану мен қорғаудың бекітілген бас бассейндік схемаларына сәйкес су ресурстарын басқарудың бассейндік қағидатын іске асыруға қатысады.»; 3) 37-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»; 4) 41-бап алып тасталсын; 5) 103-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Уәкілетті орган, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар басталған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өнеркәсіп және жылу энергетика кәсіпорындарының су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануын шектеуге, тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқылы.»; 6) 118-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Cу объектілеріндегі немесе өзен бассейндеріндегі және жерасты суларының кен орындарындағы төтенше экологиялық жағдайды уәкілетті орган жариялайды.». 5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 22-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдерден;»; 5-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 33-баптың 1-тармағының тоғызыншы абзацындағы «нысаналы аударымға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.» деген сөздер «нысаналы аударымға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: «нысаналы жарнаға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.»; 5-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) 35-баптың 1-тармағының 1-2) тармақшасы, 2-2 және 7-тармақтары алып тасталсын; 5-тармақтың 4) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4) мынадай мазмұндағы 39-3-баппен толықтырылсын: «39-3-бап. Нысаналы жарна беруге бағытталған бюджеттік бағдарлама 1. Республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына: 1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің көрсетілгеніне ақы төлеу үшін; 2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде; 3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін берілетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы жарна болып табылады. 2. Нысаналы жарна бюджеттік бағдарлама әкімшісі арқылы жүзеге асырылады. 3. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін нысаналы жарна нәтижелерінің көрсеткіштері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның даму жоспарында айқындалады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның даму жоспарында айқындалған нысаналы жарна нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 4. Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. 5. Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.»; 5-тармақтың 5) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5) 53-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін нысаналы жарна;»; 6) 62-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейді.»; 7) 69-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын; 5-тармақтың 8) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 8) 88-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы алып тасталсын; 9) 175-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кредитор болып табылады.»; 10) 180-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бюджеттік кредиттің негізгі талаптары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленеді.»; 11) 193-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.»; 12) 194-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджеттік кредит бойынша борышты аударуға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде кредиттік шарт тараптарының келісімі бойынша жол беріледі.»; 13) 199-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды.»; 14) 203-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындауын;»; 15) 212-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығаруы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»; 16) 225-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитін айқындауға арналған соманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.». 6. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 86-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның мөлшерін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»; 2) 125-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін және төлеу мөлшерін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»; 3) 137-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Патронат тәрбиешілерге берілген әрбір баланы күтіп-бағуға Қазақстан Республикасының балалардың құқық тарын қорғау саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.». 7-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 7. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацындағы «әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне» деген сөздер «банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатына» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне: 1) 15-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «қағидаларын;» деген сөз «қағидаларын бекітеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 1), 3), 4) және 7) тармақшалары алып тасталсын; 2) 16-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша пробация қолданылатын адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын; 1-2) пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін; 1-3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарының тізбесін;»; 3) 97-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, барлық мекемелерде сотталғандар белгіленген нысандағы киімді киеді.». 9. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 20-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары және өзге де ұйымдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»; 2) 25-баптың 4-тармағы алып тасталсын; 3) 25-1-бапта: 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттандыру объектілерін бизнес-әріптестердің тізілімімен интеграциялау тәртібі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында айқындалады.»; 4-тармақ алып тасталсын; 4) 61-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»; 5) 64-бапта: 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу тәртібін, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»; 9-тармақ алып тасталсын; 6) 79-4-бапта: 1-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Арнаулы комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері кіреді.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»; 7) 84-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 1-2), 2), 3), 4) тармақшалары, екінші және үшінші бөліктері және 2-тармағы алып тасталсын; 8) 85-баптың 2-тармағында: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»; 5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5-1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) жұмыскерлердің орташа жылдық санын және орташа жылдық кірісті есептеу қағидаларын бекітеді;»; 8) тармақша алып тасталсын; 9) 94-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік қаржылық қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшерлерін және мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да шарттарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салалардағы уәкілетті органдар бекітеді.»; 10) 98-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5), 7), 11), 16), 22) және 23) тармақшалары және 2-тармағы алып тасталсын; 11) 99-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) жеке кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»; мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4) және 2-5) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олар алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекітеді; 2-2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын, орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды сараптама кеңестерінің қарауын ұйымдастырады; 2-3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін кедергілерді жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргізеді; 2-4) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ішкі және сыртқы нарықтардың жай-күйі туралы экономикалық ақпарат беруді ұйымдастырады; 2-5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекітеді;»; 12) 100-1-баптың 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 1-1) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастырады және іске асырады;»; 13) 105-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;»; 14) 117-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді.»; 9-тармақтың 15) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 15) 124-5-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және жүргізу, сауда жүйесінің орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізуге әзірлігін қамтамасыз ету, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу және электр қуатын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде бірыңғай сатып алушының жүктемелерін көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сату;»; 16) 282-1-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және олар «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алу үшін экономиканың нақты салаларында инвестициялар мөлшерін, сондай-ақ:». 10. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне: 1) 15-баптың 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын; 2) 16-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»; «9-1) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындайды;»; 3) 26-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын: отбасына қосылу мақсатында келуге және онда болуға арналған рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын жүктелген медициналық сақтандыру шарты жоқ шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;»; 4) 85-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мереке күндері кезеңінде, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.». 11. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 11-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады 1) 2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын: «14-1) Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырады; 14-2) мыналарды: кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін; сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлар санатын, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірді және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдануды айқындайды;»; 11-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 125-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды,» деген сөздерден кейін «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатын,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 332-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын, жою нәтижесінде түзілген қалдықтар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және түзілген қалдықтар одан әрі коммерциялық пайдалануға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жарамсыз деп танылған күннен бастап не түзілген қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін не оларды осындай операциялар жасау үшін беру фактісін растайтын құжаттар кеден органына берілген күннен бастап кедендік бақылауда емес деп есептеледі.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |