Сарысу ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 6-бабына және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылға 20 ақпандағы Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Сарысу ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2020 жылғы 28 қазандағы № 83-10 шешіміне қосымша
Сарысу ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары
Кіріспе
Сарысу ауданы – Жамбыл облысының батысындағы әкімшілік бөлініс. Ауданның жалпы жер көлемі 3 136 094 гектар. Тұрғын саны 44 419 адам. Аудан аумағындағы 27 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген және Жаңатас қаласы. Аудан орталығы – Жаңатас қаласы, облыс орталығынан ара қашықтығы 180 шақырым. Сарысу ауданы ауыл шаруашылығы бағытында негізделген, соңғы уақытта мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Еліміздің азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін орындауда мал шаруашылығын дамыту айрықша орын алатын болса, оның негізі-табиғи жайылымдарды тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|