Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкiлеттi органы болып Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi; 2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мәдениет саласындағы қызмет болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды; 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|