|
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы (2025.19.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2024.20.12. № 11-1-4/719 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2024.20.12. № 11-1-4/719 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 88) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті: 1) заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|