|
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 770 Қаулысымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 3-бабының 10-1) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленді және ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда (бұдан әрі - шетелдік ұйымдар) ғылыми тағылымдамадан өту үшін үміткерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) әкімші - шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|