2017-2019 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. 2017 - 2019 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 48 132 334 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 28 264 361 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 274 639 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 645 000 мың теңге; трансферттер түсімі - 18 948 334 мың теңге; 2) шығындар - 50 509 932 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 122 402 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 122 402 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 122 402 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 2 500 000 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 2 500 000 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсiмi - 2 500 000 мың теңге. қарыздарды өтеу - 0 теңге. 2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармағының 1, 2 тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін. 3. Ақтөбе облыстық мәслихатының «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені еске алынсын: 1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 28 пайыз; 2) әлеуметтік салық бойынша 28 пайыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|