Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 971 Қаулысы (2022.30.12. берілген өзгерістермен)
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 2022.30.12. № 1128 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қазгеология) акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін. 3. Қоғам қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық және ғылыми негіздерін дамытуды айқындау. 4. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы: Қазақстан Республикасының геология саласындағы ғылыми мекемелерімен бірлесіп, геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, қорыту, жүйелеу және талдау; мыналар: геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізу; Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкін пайдалану арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету болып айқындалсын. ҚР Үкіметінің 2022.30.12. № 1128 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетімен бірлесіп: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|