Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің (2012.07.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 2002 ж. 15 қаңтардағы № 282-ІІ Заңымен Келісім бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі, Ташкент қаласында 1998 жылғы 31 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып, екі мемлекет азаматтарының өзара сапарларының тәртібін реттеуге ұмтылыс білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті: Бір Тарап мемлекетінің азаматтары № 1 және № 2 қосымшаларда аталған жарамды құжаттар, осы Келісімде көзделген шарттар бойынша екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуге, кетуге, транзитпен өтуге және уақытша болуға құқылы. Ұлттық паспорттардың иелері болып табылатын Тараптар мемлекеттерінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына 5 (бес) тәулікке дейін тіркеусіз (уақытша тіркелімсіз) келеді және онда болады. Болу уақытын 5 тәуліктен асатын мерзімге ұзартуды Тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес ішкі істер органдары жүзеге асырады. Екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу кезінде Тараптар мемлекеттерінің азаматтарында Тараптардың шекаралық қызметтері кету кезінде қайтарылуға жататын көші-қон бақылау карточкаларын береді. Екінші Тарап аумағына темір жол көлігімен келген азаматтар ішкі істер органдары беретін көші-қон бақылау карточкалары негізінде 5 тәулікке дейін тіркеусіз (уақытша тіркелімсіз) бола алады. Көші-қон бақылау карточкаларын ресімдеу, тіркеу (уақытша тіркелім) рәсімінен: а) жарамды ұлттық паспорттар бойынша және бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) жазба болған жағдайда және азаматтық авиацияның әуе кемелері экипаждарының мүшелері; б) кемелік рөлде және одан көшірмеде жазба болған кезде жарамды ұлттық паспорттар бойынша теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|