|
|
|
«Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы (2022.10.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м. а. 2022.10.02. № 8 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м. а. 2022.10.02. № 8 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД-ның № 42 қаулысы) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР БМСД-ның № 42 қаулысына 4-қосымшада 11-жол мынадай редакцияда жазылсын: «
»; 2) ҚР БМСД-ның № 42 қаулысына 4-қосымшада 12, 13, 15 және 34-жолдар алынып тасталсын. 4. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2022.27.01. № 7 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |