<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 Қаулысы (2022.18.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 Қаулысы

(2022.18.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38-бабы, 1-тармағының 7) тармақшасы, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы: жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:

1) жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайтуды;

2) ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);

3) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;

5) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

6) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді;

7) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

8) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату 5 күн бойы эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.18.02. № 11 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері:

1) қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдансын;

  • Показать изменения

2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметін қайта бастау;

3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттарына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің қызметін қамтамасыз етсін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алады

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:».

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Осы қаулы 2021 жылғы 13 қыркүйек сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Бас мемлекеттік

 санитариялық дәрігері

 

 

Е. Қиясов

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 42 қаулысына

1-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметін қайта бастау

 

Қызмет түрлері

Объектілерге қойылатын талаптар

Объектіні іске қосу сипаты

Ескертпе

1.

Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, бизнес-орталықтар және кеңселер

№ 38 БМСДҚ-ға 1-қосымша

 

Хабарлама

 

2.

Өнімнің бөлшек сауда объектілері, үй жанындағы дүкендер

№ 38 БМСДҚ-ға

5-қосымша

Хабарлама

 

3.

Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілері

(азық-түлік базарлары), азық-түлік қоймалары

№ 38 БМСДҚ-ға

5-қосымша

Хабарлама

 

4.

Көтерме және бөлшек сауда объектілері (азық-түлік емес базарлары), азық-түлік емес қоймалары

№ 38 БМСДҚ-ға

5-қосымша

Хабарлама

 

5.

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем болатын бөлек тұрған дүкендер, сауда желілері

№ 38 БМСДҚ-ға

5-қосымша

Хабарлама

 

6.

Сауда алаңы 2000 және одан артық болатын бөлек тұрған дүкендер, сауда желілері

№ 38 БМСДҚ-ға

5-қосымша

Хабарлама

Бару арқылы

7.

Сауда алаңы 2000 және одан артық болатын сауда ойын-сауық кешендері (орталықтары), сауда үйлері

№ 38 БМСДҚ-ға

5-қосымша

Хабарлама

Бару арқылы

8.

Онлайн сауда объектілері (интернет дүкендер, курьерлік қызметтер және т. б.)

№ 38 БМСДҚ-ға

1-қосымша, 5-қосымша

Хабарлама

 

9.

Автосалондар, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендері және техникалық қызмет көрсету станциялары (вулканизация, автожуу, шиномонтаж)

№ 38 БМСДҚ-ға

6-қосымша

Хабарлама

 

10.

Қызмет көрсету саласы объектілері (сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу)

№ 38 БМСДҚ-ғаға

 7-қосымша

Хабарлама

 

11.

Фитнес қызметін көрсету бойынша объектілер, спорт кешендері

№ 38 БМСДҚ-ға

8-қосымша

Хабарлама

 

12.

Халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызметтер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілер және өзге де объектілер

№ 38 БМСДҚ-ға

10-қосымша

Хабарлама

 

13.

Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақүйлер, отельдер)

№ 38 БМСДҚ-ға

11-қосымша

Хабарлама

 

14.

Әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовкозалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметі

№ 38 БМСДҚ-ға

12-қосымша

Хабарлама

 

15.

Маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, оның ішінде ара шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің қызметі

№ 38 БМСДҚ-ға

15-қосымша

Хабарлама

 

16.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына (№ 36 БМСДҚ) 3-қосымша

Хабарлама

 

17.

Орта білім беру ұйымдары, колледждер мен жоғары оқу орындары, интернаттар мен жатақханалар

№ 36 БМСДҚ-ға 1-қосымша

Хабарлама

 

18.

Білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілері

№ 36 БМСДҚ-ға

2-қосымша

Хабарлама

 

19.

Қоғамдық көлік

№ 38 БМСДҚ-ға

14-қосымша

Хабарлама

 

20.

СПА, массаж салондардың, моншалардың, сауналардың қызметі

№ 38 БМСДҚ-ға

16-қосымша

Хабарлама

 

21.

Санаторий-курорттық мақсаттағы объектілер, демалыс үйлері, туристік базалар

№ 38 БМСДҚ-ға

17-қосымша

Хабарлама

 

22.

Балаларды сауықтыру лагерлері

№ 38 БМСДҚ-ға

18-қосымша

Хабарлама

 

23.

Білім беру, түзету орталықтарының қызметі

№ 36 БМСДҚ-ға

1-қосымша

Хабарлама

 

24.

Тамақ өнеркәсібі объектілері

№ 38 БМСДҚ-ға

25-қосымша

Хабарлама

 

25.

Қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру объектілеріндегі тамақтануды қоспағанда)

№ 38 БМСДҚ-ға

20-қосымша

Хабарлама

 

26.

Ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда)

№ 38 БМСДҚ-ға

20-қосымша

Хабарлама

 

27.

Тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру объектілері

№ 38 БМСДҚ-ға

21-қосымша

Хабарлама

 

28.

Пенитенциарлық (қылмыстық атқару) жүйедегі мекемелері

№ 38 БМСДҚ-ға 24-қосымша

Хабарлама

 

29.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілер, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы объектілер

№ 38 БМСДҚ-ға

25-қосымша

Хабарлама

 

30.

Медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары)

№ 38 БМСДҚ-ға

27-қосымша

Хабарлама

 

31.

Өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар)

№ 38 БМСДҚ-ға

26-қосымша

Хабарлама

 

32.

Денсаулық сақтау объектілері (стоматологиялық клиникаларды қоспағанда)

№ 38 БМСДҚ-ға

2, 3, 4 және 34-қосымшалар

Хабарлама

 

33.

Стоматологиялық клиникалар

№ 38 БМСДҚ-ға

30-қосымша

Хабарлама

 

34.

Экскурсиялық қызметті жүзеге асыратын объектілердің кеңселері (туристердің ұйымдастырылған топтары үшін экскурсиялар ұйымдастыру)

 

№ 38 БМСДҚ-ға

41-қосымша

Хабарлама

 

35.

Зертханалар

№ 38 БМСДҚ-ға

31, 32 және 33-қосымша

Хабарлама

 

36.

Ашық ауадағы аттракциондар

№ 38 БМСДҚ-ға

9, 44-қосымша

Хабарлама

 

37.

Қаржы нарығы объектілері

№ 38 БМСДҚ-ға

1-қосымша

Хабарлама

 

38.

Мәдениет объектілері (30 адамға дейін жеке және топтық дайындықтар), кңтапханалар, музейлер, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, цирктер

№ 38 БМСДҚ-ға

9-қосымша

Хабарлама

 

39.

Діни объектілер

№ 38 БМСДҚ-ға

19-қосымша

Хабарлама

 

40.

Бассейндер

№ 38 БМСДҚ-ға

16-қосымша

Хабарлама

 

41.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және басқалар)

№ 38 БМСДҚ-ға

40-қосымша

Хабарлама

 

42.

Боулинг, бильярд

№ 38 БМСДҚ-ға

42-қосымша

Хабарлама

 

43.

Компьютер клубтары

№ 38 БМСДҚ-ға

42-қосымша

Хабарлама

 

44.

Ойын-сауық орталықтары

№ 38 БМСДҚ-ға

5, 44-қосымша

Хабарлама

 

45.

Лотерея клубтары, букмекерлік кеңселер

№ 38 БМСДҚ-ға

46-қосымша

Хабарлама

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 42 қаулысына

2-қосымша

 

 

2021 жылғы «_____»_________ объектінің дайындығын бағалау актісі

 

Біз, мониторинг тобы құрамында:

1. _________________________________________________________________________

2. _________________________________________________________________________

3. _________________________________________________________________________

4. _________________________________________________________________________

5. _________________________________________________________________________

                           (мамандардың Т. А. Ә. және лауазымын көрсету)

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы «___»__________ қаулысының талаптарына, сондай-ақ ________________________________________________________________________________

талаптарына сәйкестігіне объектінің ______________________________________ аумағында карантин кезеңінде қызметті жүзеге асыруға дайындығын бағалауды жүргіздік.

Мыналар анықталды: Объекті карантин кезеңінде қызметті қайта бастауға дайын (дайын емес) (қажеттісінің астын сызу):

Анықталған бұзушылықтар ______________________________________________

_____________________________________________________________________

Қол қою:

1.________________

2.________________

3.________________

4.________________

 

Іnfokazakhstan.kz сайтында орналастырылған COVID-19 бойынша шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектінің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстым және орындауға міндеттенемін ___________________ (басшының Т. А. Ә. және қолы)

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 42 қаулысына

3-қосымша

 

Кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу алгоритмі

 

Кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу кезінде COVID-19-дың таралуының алдын алу мақсатында мынадай шаралардың сақталуын қамтамасыз ету қажет:

1. Үй-жайларда ауаны желдету/ауа баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі.

2. Ғимаратқа кіреберісте барлық кіретін адамдарға байланыссыз термометрия жүргізу, холлдарда антисептикалық құралы бар санитайзерлер орнату және кеңестерге (отырыстарға) қатысушылардың қолды антисептикалық құралдармен өңдеуін бақылау.

3. Кеңестерге (отырыстарға) қатысушыларды залда әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызу.

4. Көзбе-көз кеңестерге (отырыстарға) қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжаттың болуы немесе алынған сәтінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесін растайтын құжаттың болуы;

2) отырыс (кеңес) өткізілетін үй-жайда болған барлық кезең ішінде медициналық масканы пайдалану;

3) әлеуметтік қашықтықты сақтау;

4) қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да нысандарын болдырмау.

5. Сөз сөйлеу ұзақтығы 30 минуттан артық болғанда және қатысушылардың бірінші қатарынан кемінде 3 метр қашықтықта болғанда спикерлерге қорғау құралдарын пайдаланбай сөйлеуге жол беріледі.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.21.01. № 5 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.18.02. № 11 Қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 42 қаулысына

4-қосымша

 

 

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары

 

  • Показать изменения

Объектілер/салалар

Жасыл аймақ

Сары аймақ

Қызыл аймақ

  • Показать изменения

1

2

3

4

5

1.

Өнеркәсіп

+

+

+

  • Показать изменения

2.

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

+

+

+

  • Показать изменения

3.

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

+

+

+

  • Показать изменения

4.

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.).

+

+

+

  • Показать изменения

5.

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

+

+

+

  • Показать изменения

6.

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

+

+

  • Показать изменения

7.

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

+

+

  • Показать изменения

8.

 Мұражайлар, кітапханалар

+

+

+

  • Показать изменения

9.

Балаларды түзету кабинеттері

+

+

 

+

  • Показать изменения

10.

Сауда алаңы 6000 ш.м-ге дейінгіні қоса алғанда сауда (азық-түлік) желілері

+

+

+

  • Показать изменения

11.

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

 

+

 

+

 

+

  • Показать изменения

12.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)

+

+

80%-дан асырмай толтырғанда

  • Показать изменения

13.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

алдын ала жазылу бойынша

алдын ала жазылу бойынша

алдын ала жазылу бойынша

  • Показать изменения

14.

 Қоғамдық көлік

(қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

(қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

(қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

  • Показать изменения

15.

Ұйымдар, кеңселер **(ескертуді қараңыз)

+

+

+

  • Показать изменения

16.

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

+

+

+

  • Показать изменения

17.

Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалар) қозғалысы

+

ортақ вагондарсыз

ортақ вагондарсыз

  • Показать изменения

18.

Жолаушылар поездарының қозғалысы

+

ортақ вагондарсыз

ортақ вагондарсыз

  • Показать изменения

19.

Ашық ауадағы аттракциондар

+

+

+

  • Показать изменения

20.

Жазғы алаңдар

+

+

+

 

«+» - қызметке рұқсат етілген;

  • Показать изменения

 « « - қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;

  • Показать изменения

* - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);

  • Показать изменения

** - ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде (жұмыс орнында) жұмыс істеуіне жол беріледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 42 қаулысына

5-қосымша

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

 

1) «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68-БМСд қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысы;

4) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10 қаулысы;

5) «Қазақстан Республикасына Үндістаннан коронавирустық инфекцияның әкелінуінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 19 қаулысы;

6) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 67, 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3, 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 20 қаулысы;

7) «Қазақстан Республикасына Мальдив аралдарынан коронавирустық инфекцияның әкелінуінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16 мамырдағы № 21 қаулысы;

8) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 67 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 24 қаулысы;

9) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 қаулысы.