|
|
|
Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 Қаулысы (2022.18.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38-бабы, 1-тармағының 7) тармақшасы, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы: жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын. 2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар: 1) жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайтуды; 2) ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру); 3) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді; 4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді; 5) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде); 6) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді; 7) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді; 8) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату 5 күн бойы эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.18.02. № 11 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері: 1) қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдансын; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметін қайта бастау; 3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттарына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің қызметін қамтамасыз етсін. 4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алады 5. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: преамбула мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:». 6. Осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 8. Осы қаулы 2021 жылғы 13 қыркүйек сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына 1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметін қайта бастау
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына 2-қосымша
2021 жылғы «_____»_________ объектінің дайындығын бағалау актісі
Біз, мониторинг тобы құрамында: 1. _________________________________________________________________________ 2. _________________________________________________________________________ 3. _________________________________________________________________________ 4. _________________________________________________________________________ 5. _________________________________________________________________________ (мамандардың Т. А. Ә. және лауазымын көрсету) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы «___»__________ қаулысының талаптарына, сондай-ақ ________________________________________________________________________________ талаптарына сәйкестігіне объектінің ______________________________________ аумағында карантин кезеңінде қызметті жүзеге асыруға дайындығын бағалауды жүргіздік. Мыналар анықталды: Объекті карантин кезеңінде қызметті қайта бастауға дайын (дайын емес) (қажеттісінің астын сызу): Анықталған бұзушылықтар ______________________________________________ _____________________________________________________________________ Қол қою: 1.________________ 2.________________ 3.________________ 4.________________
Іnfokazakhstan.kz сайтында орналастырылған COVID-19 бойынша шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектінің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстым және орындауға міндеттенемін ___________________ (басшының Т. А. Ә. және қолы)
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына 3-қосымша
Кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу алгоритмі
Кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу кезінде COVID-19-дың таралуының алдын алу мақсатында мынадай шаралардың сақталуын қамтамасыз ету қажет: 1. Үй-жайларда ауаны желдету/ауа баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі. 2. Ғимаратқа кіреберісте барлық кіретін адамдарға байланыссыз термометрия жүргізу, холлдарда антисептикалық құралы бар санитайзерлер орнату және кеңестерге (отырыстарға) қатысушылардың қолды антисептикалық құралдармен өңдеуін бақылау. 3. Кеңестерге (отырыстарға) қатысушыларды залда әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызу. 4. Көзбе-көз кеңестерге (отырыстарға) қатысушыларға қойылатын талаптар: 1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжаттың болуы немесе алынған сәтінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесін растайтын құжаттың болуы; 2) отырыс (кеңес) өткізілетін үй-жайда болған барлық кезең ішінде медициналық масканы пайдалану; 3) әлеуметтік қашықтықты сақтау; 4) қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да нысандарын болдырмау. 5. Сөз сөйлеу ұзақтығы 30 минуттан артық болғанда және қатысушылардың бірінші қатарынан кемінде 3 метр қашықтықта болғанда спикерлерге қорғау құралдарын пайдаланбай сөйлеуге жол беріледі.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.21.01. № 5 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.18.02. № 11 Қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына 4-қосымша
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары
«+» - қызметке рұқсат етілген; «✔ « - қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген; * - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес); ** - ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде (жұмыс орнында) жұмыс істеуіне жол беріледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына 5-қосымша
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1) «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68-БМСд қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулысы; 3) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысы; 4) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10 қаулысы; 5) «Қазақстан Республикасына Үндістаннан коронавирустық инфекцияның әкелінуінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 19 қаулысы; 6) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 67, 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3, 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 20 қаулысы; 7) «Қазақстан Республикасына Мальдив аралдарынан коронавирустық инфекцияның әкелінуінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16 мамырдағы № 21 қаулысы; 8) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 67 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 24 қаулысы; 9) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |