«Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша пилоттық жобасы іске қосылсын. 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша іс-қимыл алгоритмі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті тест сұрақтарын қазақ және орыс тілдерінде әзірлесін және осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде skills.enbek.kz платформасында орналастыру үшін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамына ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті: 1) пилоттық жобаның жүзеге асырылуын және ай сайынғы мониторингін; 2) «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп сырттай проактивті куәландыруға қатысушы сарапшылар тізіліміне (бұдан әрі - сарапшылар тізілімі) енгізілген дәрігерлерге өз құзыреті шегінде консультация беруді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|