|
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ереже бекітілсін. 2. «Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22746 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|