|
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы (2018.28.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.28.12. № 318 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында: 51-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тізілімдер журналы айырбастау пунктінің әрбір операциялық кассасында және компьютерлік жүйе шеңберінде әрбір автоматтандырылған айырбастау пунктінде жеке-жеке жүргізіледі. Бұл ретте тізілімдер журналын қалыптастырудың бағдарламалық-аппараттық құралдары күн сайынғы түзетілмейтін тіркеуді және жасалған айырбастау операциялары жөніндегі ақпараттың энергияға тәуелсіз сақталуын оларды жасаған күннен бастап бес жыл ішінде қамтамасыз етеді.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|