Сайлау учаскелерін құру туралы (2022.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 16 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына сәйкес, Тараз қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Тараз қаласы аумағында сайлау учаскелері құрылсын. 2. Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инcпекторлық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешімді Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы шешімнен туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 3. Тараз қаласы әкімінің төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Сайлау учаскелерін құру туралы» Тараз қаласы әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2889 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 11 наурызында жарияланған); 2) «Сайлау учаскелерін құру туралы» Тараз қаласы әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 14 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Тараз қаласы әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4043 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 25 желтоқсанында жарияланған). 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің аппарат басшысы Д.Абдукасымовқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|