Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы (2023.22.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі бекітілсін. 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі
1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін анықтайды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.28.09. № 512 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|