«Босқынның жол жүру құжатының үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 971 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 19 қазандағы № 756 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: «Босқынның жол жүру құжатының үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 356 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8530 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінің № 235 (28174) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Жол жүру құжатының үлгісін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жол жүру құжатының үлгісі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген жол жүру құжатының үлгісі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 6 қарашадағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|