Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 5-қосымша
Құйрықты қойларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (2017.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Құйрықты қойларды бағалау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, құйрықты қойларды бағалауды нақтылай түседі. 2. Құйрықты қойларды бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.
2. Құйрықты қойларды бонитирлеу (бағалауды) ұйымдастыру
3. Құйрықты қой тұқымы (бұдан әрі - құйрықты қой) таза тұқымды және будан болып бөлінеді. 4. Таза тұқымдыларға жататыны: 1) ата-енесі бір тұқымға жататын және олардың таза тұқымды екендігі құжаттармен дәлелденген болса; 2) өнімділік қасиеттері бір бағытқа жататын тұқымдарды сіңіре будандастырудан алынған, жақсартушы тұқым бойынша екінші ұрпақтан төмен емес және өзінің сырт пішіні мен өнімділік қасиеттері сол тұқымның бірінші класты қойларына қойылатын талапқа сай келетін болса; 3) кіріспе будандастырудан алынып, өнімділік белгілері енесі шыққан тұқым талаптарына сәйкес келсе. 5. Осы Нұсқаулықтың 4 тармағында көрсетілмеген құйрық қойлар буданға жатады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.19.07. № 301 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Құйрықты қой тұқымдары жеке және сыныптық бонитирлеуге (бағалауға) жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|