Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы (2021.26.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.03.06. № 533 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Ереже). 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментіне (З.А. Ерназарова): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнен бастап, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 4-тарауының 4-параграфын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.26.03. № 320 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|