Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы (2024.19.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2024.04.10. № 820 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2024.04.10. № 820 Қаулысымен тізбе өзгертілді (2024 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысымен бекітілген
Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi. 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі. 5. Қазақстан Республикасының Экономикалық тергеу қызметі. 6. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі. 7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы. 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі. 9. Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері.
Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|