Сайлау учаскелерін құру туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімі ШЕШТІ: 1. Сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын. 2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 1) аумақтық әділет органында осы шешімді мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді; 3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы шешімнің көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді; 4) осы шешім ресми жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Өскемен қаласы әкімінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5536 тіркелген, 2018 жылы 31 наурызда «Рудный Алтай» және «Дидар» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Н.Ә. Шерубаевқа жүктелсін. 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Э. Төлеубеков Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|