Жамбыл облысының Аса өзенінде, Билікөл көлінде, «Ақкөл» және «Бөгеткөл» су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жамбыл облысының Аса өзенінде, Билікөл көлінде, «Ақкөл» және «Бөгеткөл» су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес белгіленсін. 2. Жамбыл облысының Аса өзенінде, Билікөл көлінде, «Ақкөл» және «Бөгеткөл» су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес белгіленсін. 3. Осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 4. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|