Облыс әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 584 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 154 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына және «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11765 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Облыс әкімдігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 584 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4506 тіркелген, 2018 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары тиісінше осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын. 2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін оның орналастырылуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|