Қостанай қаласы Маяковский көшесі аумағындағы «Наурыз» шағын ауданының
Осы редакция 2016 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1- тармағының 8-1) тармақшасына, және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қостанай қаласы Маяковский көшесі аумағындағы «Наурыз» шағын ауданының құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі және олардың шаруашылық пайдалану тәртібі белгіленсін. Су қорғау аймағының ені 320 метр, Тобыл өзені су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 126.20 метр, ұзындығы 320 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 10,2 гектарды құрайды. Су қорғау аймағы шегінде 320 метр ұзындықта оның барлық қашықтығындығы ені 100 метр су қорғау белдеуі бөлінген. Тобыл өзені су қорғау белдеуінің ішкі шекарасы судың көп жылдық сабалық деңгейінде кемер бойынша анықталған және 3,2 гектар су қорғау белдеуінің жалпы ауданымен 126,2 метр белгісіне сәйкес келеді. Су қорғау аймағы мен белдеудің шекарасы топографиялық жоспарда 1:10000 масштабында салынған. 2. Қосымшаға сәйкес су қорғау аймағы аймағында шаруашылық пайдаланудың арнайы тәртібі және Тобыл өзенінің су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметінің тәртібі белгіленсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ 2008 жылғы 7 сәуірдегі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|