ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 276 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.26.12. № 943 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 462 бұйрығына 1-қосымша
«Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығымен бекітілген «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия беру, есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензияны қайта ресімдеу не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдар) бастау үшін негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызмет алушының электрондық сұрау салуының бар болуы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|