Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы (2023.08.03. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2020 жылғы КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2020 жылғы КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|