|
«Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережесінің 15) тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін осы бұйрықтың қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|