| ||||||||||||||||||||
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 136-ө Өкімін қараныз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2025 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 117-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мəліметтер келіп түскен кезде оларды анықталған жері бойынша стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына үш тəулікке дейінгі мерзімге орналастыруды қамтамасыз етеді.». 2-тармақ 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне: 1) 139-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын: «10-2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;»; 2) 144-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) жəне 5-2) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы; 5-2) медициналық қызметті жүзеге асыру салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері бойынша олардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген сенімді негіздер мен растайтын дəлелдемелер болған кезде масс-медиадағы жарияланымдар мен хабарлар;». 3. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 1-баптың 1-тармағында: 1) жəне 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) адам ағзасы - организмнің тіршілік етуін қолдау үшін қажетті белгілі бір физиологиялық функцияны атқаратын адам денесінің бір бөлігі; 2) адам жасушалары - адам организмінің биологиялық бірліктері, олардың əрқайсысы генетикалық ақпаратты қамтиды жəне организмнің тіршілік етуін қолдау үшін ерекше функцияны атқарады;»; мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) жəне 5-1) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) адамның мекендеу ортасы (бұдан əрі - мекендеу ортасы) - адамның тіршілік ету жағдайын айқындайтын, ортаның (табиғи жəне жасанды) табиғи, антропогендік жəне əлеуметтік факторларының жиынтығы; 2-2) АИТВ инфекциясы - адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын жəне жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;»; «5-1) əлеуметтік мəні бар аурулар - қоғамдық денсаулыққа, халықтың өмір сүру сапасына жəне санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына елеулі əсер ететін, оның ішінде сырқаттанушылықтың немесе адам өлімінің жоғары деңгейі болатын аурулар;»; 158) тармақшадағы «тізбесін уəкілетті орган айқындайтын» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 185) тармақшадағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 7-бап мынадай мазмұндағы 63-2) тармақшамен толықтырылсын: «63-2) халықтың қажеттілігі негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көмектің жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің көлемдерін жоспарлау əдістемесін бекітеді;»; 3-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 3) 8-бапта: 3) тармақшадағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оның қолданылу шарттарын жəне осы шараның қолданылу мерзімін айқындайды (қажет болған кезде). Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;»; 6) жəне 8) тармақшалар «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 4) 28-баптың 3-тармағында: бірінші бөліктегі «медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында жəне» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөлік «сəйкес» деген сөзден кейін «медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында жəне» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 5) 5-тараудың 1-параграфының тақырыбы «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 6) тармақшасы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 6) 30-бапта: тақырып «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын; орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді; «денсаулық сақтау субъектілерінің» деген сөздер «бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: бірінші бөліктің бірінші абзацы «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі «бақылауға» деген сөз «бақылау мен қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексеру жəне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау жəне тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Кодекске сəйкес жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген тəртіппен жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.»; 3-тармақтың 7) тармақшасы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 7) 31-баптың тақырыбындағы жəне 1-тармағының 3) тармақшасындағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың 8) тармақшасы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 8) 32-бапта: тақырыптағы «бақылауды» деген сөз «бағалау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші абзацтағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) осы Кодекске сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;»; 4) тармақшадағы «жасауға құқығы бар.» деген сөздер «жасауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) жəне 6) тармақшалармен толықтырылсын: «5) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүзеге асыруға; 6) мемлекеттік бақылау нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға құқығы бар.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілер шығарады: 1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру жəне (немесе) тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт; 2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама; 3) бас мемлекеттік медициналық инспекторлардың: осы Кодекстің 19-бабында жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру; төмен тұрған лауазымды адамдар қабылдаған актілердің орындалуын тоқтата тұру немесе күшін жою не оларды кері қайтарып алу туралы қаулылары; 4) бас мемлекеттік медициналық инспекторлардың: рұқсат беру құжатының (лицензияның, лицензияға қосымшаның, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының) болмауы анықталған кезде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, əрекеттерді) тоқтата тұру; денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты жоқ қызмет анықталған кезде адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылары; 5) бас мемлекеттік медициналық инспектордың заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тəртіппен əкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы жеке ұсынуы.»; 3-тармақтың 9) тармақшасы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 9) 34-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «Бақылау субъектісіне (объектісіне)», «бақылау субъектісінің (объектісінің)», «бақылау субъектісіне (объектісіне)», «Бақылау субъектісі (объектісі)», «бақылау субъектісін (объектісін)» деген сөздер тиісінше «Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне)», «бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің)», «бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне)», «Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі)», «бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың 10) тармақшасы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 10) 34-1-бапта: 4-тармақта: бірінші абзац «Бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Осы Кодекстің 34-2-бабының 4-тармағында көзделген негіздер болған кезде тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша осы Кодекске сəйкес жедел ден қою шаралары қолданылады.»; 5, 7 жəне 9-тармақтар «бақылау», «Бақылау» деген сөздерден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 11) тармақшасы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 11) мынадай мазмұндағы 34-2-баппен толықтырылсын: «34-2-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі 1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органдарының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі қызметі анықталған жағдайда жедел ден қою шаралары қолданылады. 2. Тексеруді жəне тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оны жүргізу нəтижелері бойынша қолданылатын, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) əсер етудің осы бапта көзделген тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады. Тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оны жүргізу нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда əкімшілік іс жүргізуді қозғамай, жедел ден қою шаралары қолданылады. 3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды: 1) рұқсат беру құжатының (лицензияның, лицензияға қосымшаның, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының) болмауы анықталған кезде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, əрекеттерді) тоқтата тұру; 2) денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты жоқ қызмет анықталған кезде адамдарды жұмыстан уақытша шеттету. 4. Рұқсат беру құжатынсыз (лицензиясыз, лицензияға қосымшасыз, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынсыз) медициналық қызметтер (көмек) көрсету жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін белгілеу жəне көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеруді жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары рұқсат беру құжаты (лицензия, лицензияға қосымша жəне денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты) болмаған жағдайда ғана қолданылады. 5. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде осы Кодекстің 32-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген қаулы нысанында қадағалау актісін ресімдейді. Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделеді жəне бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс етіледі. 6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі жəне актіні қабылдаудан бас тарту фактісін белгілеп-тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Қадағалау актісі бақылау мен қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі. 7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды. 8. Тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық қадағалау актілерінде көрсетіледі. 9. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды қадағалау актілерінде көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті. 10. Бақылау мен қадағалау субъектісі қадағалау актілерінде көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықты жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. 11. Осы баптың 10-тармағына сəйкес жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда немесе тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) олардың нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады. 12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады. 13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру немесе тергеп-тексеру нəтижелерімен келіспеген жағдайда қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады. Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі. Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды. 14. Жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның қадағалау актісін жарамсыз деп тануы жəне оның күшін жоюы үшін мыналар негіз болып табылады: 1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы; 2) жедел ден қою шарасын осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолдану; 3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы; 4) Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабында белгіленген жедел ден қою шараларын келісу жəне қабылдау тəртібін сақтамауы. 15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.»; 12) 177-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Орфандық ауруларды емдеуге арналған дəрілік заттармен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.»; 13) 196-баптың 3-тармағында: 3-тармағы 13) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) мынадай: медициналық көмекке алғашқы жүгінген кезде; əлеуметтік мəні бар аурулардың профилактикасы, диагностикасы жəне оларды емдеу бойынша қызметтер көрсету кезінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек;»; 3) тармақшада: екінші абзацтағы «АИТВ инфекциясы жəне туберкулез» деген сөздер «уəкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша аурулардың» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы абзац алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы, қант диабетін, В жəне С вирустық гепатиттерін жəне басқаларды ерте анықтауға уəкілетті орган айқындайтын скринингтік зерттеулер кезінде амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) əлеуметтік мəні бар аурулар кезінде стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;»; 3-тармағы 13) тармақшасының он үшінші абзацы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 5) тармақшаның төртінші абзацы «үшін» деген сөзден кейін «уəкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, өмірге қауіп төндіретін жай-күй кезінде» деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақша «ауыратындарды» деген сөзден кейін «, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармағы 13) тармақшасының он бесінші абзацы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 10) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Əлеуметтік мəні бар аурулар тізбесін, оның ішінде туберкулезді, АИТВ инфекциясын, қатерлі ісіктерді, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарды (ауруларды), орфандық ауруларды, жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларын, орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіру ауруларын, эпилепсияны, алғашқы алты ай ішіндегі жіті миокард инфарктін, бір жыл ішіндегі инсульттерді қамтитын тізбені уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді.»; 14) 197-бап мынадай редакцияда жазылсын: «197-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті қалыптастыру қағидаттары 1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек əмбебаптық, қолжетімділік, дəлелділік, шынайылық жəне реттеушілік қағидаттары негізінде қалыптастырылады. 2. Əмбебаптық қағидаты кіріс деңгейіне жəне əлеуметтік мəртебесіне қарамастан, медициналық көмекпен жалпыға бірдей жəне тең қамтуды білдіреді. 3. Қолжетімділік қағидаты Қазақстан Республикасының аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу мүмкіндігі болып табылады. 4. Дəлелділік қағидаты медициналық көрсетілетін қызметтердің, дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы дəлелденген ғылыми жəне клиникалық деректердің болуын білдіреді. 5. Шынайылық қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекті жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету кепілдіктері бағдарламасының бюджет параметрлеріне жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру активтеріне сəйкестігін білдіреді. 6. Реттеушілік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету кезінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаларды мемлекеттік реттеу болып табылады.»; 15) 198-бапта: тақырып «шеңберінде» деген сөзден кейін «медициналық көмек жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші абзац «шеңберінде» деген сөзден кейін «медициналық көмек жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде» деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақша «аурулардың» деген сөзден кейін «профилактикасы» деген сөзбен толықтырылсын; 2) тармақша «созылмалы» деген сөзден кейін «жəне (немесе) əлеуметтік мəні бар» деген сөздермен толықтырылсын; 16) 200-баптың 1-тармағында: 1) тармақшада: екінші абзацтағы «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді жəне скринингтік зерттеулерді қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар мен даму ауытқуларын ерте анықтауға уəкілетті орган айқындаған скринингтік зерттеулерді;»; жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «уəкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша емшаралар мен манипуляцияны қамтитын амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы жəне скринингтік зерттеулер жағдайларын қоспағанда)»; 3-тармағы 16) тармақшасының сегізінші жəне тоғызыншы абзацтары 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу жəне скринингтік зерттеулер жағдайларын қоспағанда);»; 3) тармақшадағы «жоспарлы» деген сөз «бет қаңқасы мен бастың туа біткен анатомиялық кемістіктері бар балаларға реконструкциялық, пластикалық хирургиялық операцияларды қоса алғанда, жоспарлы» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша «(тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын; 17) 209-бапта: 2-тармақтың мəтіні бойынша «жəне (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін)» деген сөздер алып тасталсын: мынадай мазмұндағы 2-1 жəне 2-2-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау жəне ауыстырып салу медициналық қызмет бейініне сəйкес тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ «Назарбаев Университеті» медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады. Консервацияланған мөлдірқабық тіндерін сақтау, тасымалдау жəне ауыстырып салу медициналық қызмет бейініне сəйкес консервацияланған мөлдірқабық тіндерін транспланттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде меншік нысандарына қарамастан, медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |